Ұша алмай қалған: Жамбыл облысында сирек кездесетін бірқазан құтқарылды
Жамбыл облысында полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін бірқазан құсын құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуалы ауданына қарасты Диқан ауылының маңында қызыл кітапқа енгізілген құстың ұшып кете алмай тұрғанын ауыл тұрғындары байқап қалған. Олар полицияға хабар берген.
Аталған жерге келген полиция қызметкерлері жыра бойынан өте әлсіз және өздігінен ұшып кете алмайтын дәрменсіз бірқазанды көрген. Бірқазан жойылып бара жатқан құс ретінде Қызыл кітапқа енгізілгені белгілі.
"Жуалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен шақырылған мамандардың келуін күткен полиция қызметкерлері сирек кездесетін құсты аңдыған иттерден қорғаған. Құтқарылған құс жуық арада Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберіледі", - делінген хабарламада.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған