Ұрып, 40 литрлік қазанға батырған: 4 жасар баланы өлтірген Қостанай тұрғынына сот үкімі шықты
4 жасар баланы өлтірді деп айыпталған Қостанай облысының тұрғынына қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Айыптауларға сәйкес, 65 жастағы ер адам үйде мас күйінде өзімен бірге тұратын әйелдің 4 жасар немересіне дене жарақатын салған. Зейнеткер алдымен баланы ұрып, содан кейін оны 40 литрлік қазанға батырған.
Сот адамды қауіпсіздігі жоғары мекемеде 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор айыпталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"