Пойызда ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдіктілер ұсталды (видео)
Ұлттық ұлан сарбазына күш көрсетіп, әлімжеттік жасағандардың кім екені анықталып, ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметкерін ұрып-соққандардың тұрғылықты жері анықталғанын мәлімдеді.
“Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулікте Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
- Ұлттық ұлан жауынгерінің пойызда соққыға жығылуы: Тоқаев қылмыскерлерді шұғыл түрде ұстауды тапсырды
Тергеу аясында барлық күдіктіден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, сондай-ақ желіде тараған видеоны түсірген адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін желіде Ұлттық ұланның киімін киген әскеридің сарбазды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған еді.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі