Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазіргі жағдайына құлап қалуы себеп болмады": Ұлттық ұлан басшылығы 6 ай бойы комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов әскерде алған жарақатынан 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz 

Қайрат Үмбетовтің айтуынша, сарбаздың қазіргі жағдайы әскерде алған жарақатына байланысты емес. 

"Ербаян Мұхтаров Ұлттық ұланда қызмет ету кезінде түнгі екіде оянып, құлап, жарақат алған. Оның қазіргі жағдайына құлап қалуы себеп болмады. Емделу кезінде сарбаз инфекциялық ауруға шалдыққан. Өкінішке қарай, емделу кезінде пневмония жұқтырып, сондай-ақ қосымша ірің бөлінуімен гайморитпен ауырған. Дәрігерлер ота жасауды ұйғарған, отадан кейін сарбаз осындай күйге түсті", — деді Қайрат Үмбетов.


"Өз құқықтарын білсе, көмек көрсетілер еді": Министр 6 ай комада жатқан Ербаян Мұхтардың ата-анасы не себепті ақша жинағанын айтты


Айта кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға 140 миллион теңге жинап берген еді. 

Талқылау