Ұлттық тестілеу орталығы әр өңірде өтетін негізгі ҰБТ уақытын жариялады
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 6 мамырдан басталып 14 мамырға дейін жалғасады. Түлектер ҰБТ-ны әр өңірде әр түрлі уақытта тапсырады. Су тасқынына байланысты алты облыстағы талапкерлер ұлттық бірыңғай тестті сәл кейінірек тапысырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Биыл ҰБТ тапсыру уақыты 16 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ 6-20 мамыр мен 25 мамыр-12 шілде аралығында өткізілетінін мәлімдеді.
ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту пунктін, күнін және уақытын өздері таңдайды.
ҰТО өкілдері 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатынын еске салды.
Бұған дейін су тасқыны болған 6 аймақтағы түлектерге ҰБТ бөлек кестемен өткізілетіні туралы жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды