Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қордан балалардың шотына неге уәде етілген ақшадан 60 доллар аз түсті – Вице-министр жауабы

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордан балалардың шотына неге 160 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат отырысында вице-министр 2022 жылы президент бағдарламаны әзірлеуді тапсырған кезде бала саны 6,4 миллион болғанын, содан кейін барлық есептеулер осы сан негізінде жасалғанын түсіндірді. Алайда одан кейін балалар санының өсімі 400 мыңнан астам адамды құрады. Бүгінде Қазақстанда 6 919 000 бала тұрады.



"Оған ешкім кінәлі емес. Бұл бірінші сома. Бағдарламаның толық әсерін 18 жасқа толған балалар алады. Иә, біздің есептеуіміз бойынша 160 доллар деп айтылған еді. Бірақ сіздер білесіздер, президент бұл бастама туралы алғаш рет 2022 жылы айтып, тапсырма берді. Ол кезде балалардың саны 6 миллион 400 мың болатын. Бүгінде балалардың саны – 6 миллион 917 мың. Сол есептеулерге сәйкес, бүгінде бөлінген қаражаттың сомасы – 695 миллион доллар. Оны енді 6 миллион 919 131 балаға бөлетін болсақ, 100 доллар 52 центтен шығып тұр. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы министрлігінің алдында инвестициялық кірісті арттыру міндеті тұр. Алдағы жылдары көбірек сома түседі. Бұл 100 доллар инвестициялық кіріс болады", – деді Темірбеков сенат кулуарында.

Алайда ол балалардың түптеп келгенде қандай инвестициялық кіріс алатынын болжай алмады. Вице-министр кіріс көлемі – 3500 доллар болатынын айтты.

Айта кетейік,бұған дейін Қазақстандық балалар президенттің бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны 1 ақпаннан кешіктірмей алатыны айтылған еді. Бүгін , яғни 1 ақпан күні Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады. 

Талқылау