Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша қаржы 1 ақпаннан кешікпей аударылады: Оны қалай тексеруге болады

Қазақстандық балалар президенттің бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны 1 ақпаннан кешіктірмей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы жылдан бастап Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына ұлттық қордан 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінің 50 пайызы, сондай-ақ жыл сайын инвестициялық кіріс есептеледі.

Қаңтар айында БЖЗҚ мемлекеттік деректер базасы бойынша ақша алатындардың тізімін жасайды. Ақшаның түскен-түспегенін eGov.kz сайтынан және БЖЗҚ сайтынан тексеруге болады.



"Жинақты алу үшін бала немесе оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл туралы шарт жасасқан уәкілетті операторлардың біріне (ЕДБ және "Қазпошта" АҚ) хабарласып, банкте АҚШ долларында банк шотын ашуы қажет.  Уәкілетті операторға жүгініп,  ақшаны пайдалану мақсатын (тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу) көрсете отырып, өтінім береді", – деп атап өтті БЖЗҚ.

Ұлттық қордан алынған қаражатты кәмелетке толған соң тұрмыс жағдайын жақсартуға және/немесе оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады.

Талқылау