Ұлттық киімде темір бағанада билеген қазақстандық ару сынның астына қалды
Пилондық спорттан Қазақстан чемпионы Бақыт Қадырова қазақтың ұлттық киімімен шеберлігін көрсеткені үшін сынның астына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин
Пилондық жаттығулар ресми спорт түрі болса да (белгілі бір акробатикалық трюктар мен жаттығулар), көпшілік мұны шестегі бимен (бағанадағы би) шатастырып жатыр.
Сол себепті көпшілік спортшыны "дәстүрді құрметтемеді" деп айыптап, мұндай билерді дұрыс емес екенін жеткізді. Бақыт Қадырованың бұл әрекетіне мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та теріс баға берді.
Қыз жауап ретінде мұның қорлау емес екенін айтып, ресми спортпен айналысатынын еске салды.
"Мен күшті әйелдердің сұлулығы мен шеберлігін насихаттаймын. Дәстүр мен сөз бостандығын біріктіретін жаңа ұрпақты көрсетемін", – деді Қадырова.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар