Ұлттық киім киген Баян Алагөзова елді сүйсіндірді (видео)
Баян Алагөзова ұлттық нақыштағы киім киіп, елді сүйсіндірді. Танымал продюсер отандық сән көрсетілімдерінің бірінде қонақ болып қайтқан, деп жазады Stan.kz.
Баян Мақсатқызы отандық дизайнерлер бас қосқан көрсетілімге Аида Кауменова, Динара Сәтжан және "Аруназ" сән салонын қолдап барған.
Бұл кеште продюсер өзінің құрбысы, дизайнер Аида Кауменованың жаңа топтамасындағы ұлттық нақыштағы костюммен көзге түсті.
"Бүгін барша жұрттың назары менде болды. Не дегенмен ұлттық киімнің ерекше тартылыс күші бар. Аидочка, бұл сұлулық үшін рақмет", – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында.
"Осылай бәріміз көшеде шли әдемі болып жүрсек, өлгенский болар еді, иә?", "Әдеттегідей өте сұлусыз", "Уау, сұлулықтың ішіндегі сұлулық", "Өте әдемі", – деп тамсанды оқырмандар.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"