Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа президентін тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Ақылбек Күрішбаев – қазақ мемлекет қайраткері, ғалым, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, парламент Сенатының экс-депутаты.
Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, осыған байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"