Ұлттық экономика министрі қазақстандықтарды ақшаны үнемдеуге шақырды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға ақшаны үнемдеп, шығындарды азайтуға кеңес берді. Оның айтуынша, халықтың қалтасын қағып жатқан қымбатшылыққа екі жылға жалғасқан пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайдың күрделенуі себеп. Соның кесірінен инфляция өсіп, халық жалақысының тең жартысын азық-түлікке жұмсауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бғдарламасына сілтеме жасап.

Қымбатшылық тек Қазақстанда ғана емес, әлемді жайлады деген министр елді үнемдеп үйренуге шақырды. Сонымен қатар нарық реттелгенше, сабырмен күтуге кеңес берді.
"Мүмкіндігінше бюджетті оңтайландырып, артық шығындарды азайтқан жөн. Мұндай инфляция 2015-2016 жылдары да болған. Бұл жолы да уақытша құбылыс деп ойлаймын. Соңғы екі-үш аймен салыстырғанда, нарық тұрақтана бастады. Сол себепті аз уақыт күте тұру қажет", – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар