Ұлттық бюро Эльмира Суханбердиеваға қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қарсы алдын ала тергеу жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Біз білім және ғылым вице-министріне қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын растаймыз, қосымша ақпарат кейін таратамыз", - делінген хабарламада.
Эльмира Суханбердиева 2016 жылдың сәуір айынан бастап білім және ғылым вице-министрі болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол елордалық білім беру бөлімін басқарды.
2017 жылдың тамыз айында Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі айналасында дау туды. Эльмира Суханбердиева "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендия алды. Беркли университетінен шақырту алды. Бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев басқарушы командадан ағылшын тілін білу, шетелде білім алу талап етілетінін айтқан еді.
Талқылау

"Күніне 60-80 мың теңге табамын": Қазақ қызы көркем жазу арқылы Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
Аружан Төлепова: "Ең қымбат жұмысым – 150 мың теңге болған"

"Дүкенде дөрекілік танытып, қонақүйге кіргізбеді": Қазақстандық блогер Ресей мен Беларусьтегі сапарында болған күтпеген әсерлерін айтты
Блогердің сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарамастан жергілікті халық күнделікті күйбең тіршілігін жалғастырып жатыр