Ұлттық банк базалық ставканы 13,5%-ке дейін көтерді
Ұлттық банк базалық ставканы 13,5 %-ке көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді" делінген Ұлттық банкі таратқан хабарламада.
Ұлттық банк бұл шешімге қатысты кейінірек толық мәлімет тарататынын мәлемдеді.
Айта кетсек, қаржы нарығында теңге құлдырап, 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны 452,49 теңгеге жеткен болатын.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған