Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.
"Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған