Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жылға сотталуы мүмкін": Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйелге қатысты екі іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау өңірінде үш баланы бес жыл құлдықта ұстаған қамқоршылар екі жылға бас бостандығынан айырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Игорь Лепеханың айтуынша, қорғаншы әйелге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі асыраушының құқықтарын бұзғаны (142-бап "Қорғаншының немесе қамқоршының құқықтарын теріс пайдалану") үшін, екіншісі “Азаптау” (110-бап "Азаптау") бойынша. 

“Істі тергеп жатырмыз. Заңға сәйкес ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары. 

Балаларды осы отбасыға бекітіп, оларға бақылау жасамаған қорғаншылық органдарына келсек, қылмыстық іс аясында тергеуші ең болмағанда оларға жеке ұйғарым шығаруға тиіс.

Еске салайық, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау өңірінде бес жыл құлдықта болған балалар туралы айтқан еді. Сөзінше, патронаттық отбасы 2018 жылы балалар үйінен бір отбасының үш баласын – 1 қыз және 2 ұлды асырап алған. Балалар 14, 12, 8 жаста болған. Кейін оларды қаладан 20 шақырым жердегі өз фермасында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Шаруашылығында екі табын жылқы мен 18 сиыр бар екен. 

Талқылау