Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәнсіз, ойына келгенін түсіретіндерді қатал түрде жазалау керек": Жастар арасында кең таралған TikTok-қа үлкен буын қалай қарайды?

Интернетте танымал болып үлгерген TikTok әлеуметтік желісі енді қазақстандықтар арасында орнын тауып, ел назарын аударды. Кейбір пайдаланушыларды танымалдылыққа әкелсе, ал енді біреулерді бұл тітіркендіреді, кейбірі мұның не екенін білмейді. Жастар би билеп, ән айтып, түрлі қозғалыстарды жасап видео түсіруден бөлек, енді қоғамдық орындарда спектакль қойып, кино кейіпкерлерін сомдайтын болған. Осы орайда TikTok-қа үлкен буын қалай қарайды және қазақстандық тик-токерлер рейтингісі қандай? Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 

TikTok — қысқа видеодан құралған, жан-жақты әлеуметтік желі. Қазіргі уақытта сервис қолданушылары бүкіл әлемде 800 млн асып жығылады. Бұл желінің негізі Қытайда қаланған. Әу баста оның атауы да басқаша -  Douyin болған.

Оның танымалдылығының сыры - көп қолданушыларының Қытайда орналасқандықтандығында дейді мамандар. 2016 жылы құрылған бұл сервис бізге енді ғана жетіп жатыр. Бастапқыда тек Азия елдерінде танымал болған. 

Желінің негізгі қолданушылары - жастар, жасөспірімдер мен балалар. Қазақстанда TikTok былтырдан бастап ерекше қолданысқа ие бола бастады. 

Қазақстандық жастардың арасында ерекше сервиске назар аударғандар қарасы көп. Қазіргі уақытта қолданушылардың ықыласына бөленгендердің бірсыпарсын ұсынамыз.

TikTok трендтерін өлшейтін ресми сайттың tiktok.thetrendbed.com-нан дәл қазіргі сәтте қазақстандықтар қандай тик-токерлерді қарап, бақылап отырғанын көруге болады. Бұл рейтингтің ішінде қазақстандық блогер Жека Фэтбелли, танымал егіз қыздар kagiristwins-терді көруге болады.

 

Біздің ТОП-6 қазақстандық тик-токершілерден құралған рейтингімізді Kagiris twins лақап атымен танымал егіз қыздар бастап тұр.

@kagiristwins

Это Хардбас🤪

♬ Это хардбас - 🎀КАРНАВАЛ🎀

Олардың TikTok-тағы жазылушылар саны 3,9 млн. 

Екінші орында жазылушылар саны 2,2 млн болатын I_am_doshik никнэйммен танымал тик-токер Дария есімді қыз.

@i_am_doshik1

##рекомендации

♬ оригинальный звук - i_am_doshik

Үштікті алып тұрған Takatta нигімен танымал Таир есімді жігіт. Оның желідегі жазылушылар саны -  1,1 млн.

@takatta

Хожу с Королем этого звука ☺️

♬ Stromae Tous Les Memes - ...

Төртінші орында - 726 мың жазылушысы бар datwolfsray никті қазақстандық.

@datwolfsray

BORJOMI 130 лет - это только начало. ##BORJOMI130 ##BORJOMI @borjomi_kazakhstan

♬ оригинальный звук - DWolFSRaY

Бесінші орында anastassiakasper нигімен танымал жас қыз, оның жазылушылар саны 627 мың.

@anastassiakasper

##pov гуляя у старого пруда, я нашла кольцо, которое принадлежало мне в прошлой жизни... Любите Disney?##foryou ##рекомендации ##fyp

♬ Disney Pictures Intro - Disney Pictures

Алтыншы орында Тенликова Камилла есімді тик-токер, оның желіде жазылушылар саны 520 мың.

@tenlikovak

Городские всегда такие важные по приезду в село?😂😂 ##алматы ##рек ##fyp

♬ 044 ROSE BLYA - artee__m

 

Байқауымызша, қазақстандық тик-токерлер би билеп, түрлі кино және мультфильм кейіпкерлерін сомдағанды ұнатады.  

Желіде іздеу жүйесі іске қосылған, онда хэштегтерді, музыканы, қолданушыларды іздеуге болады.

Үлкен буын не дейді?

Ал енді осы TikTok әлеуметтік желісіне қазақстандық қариялар, үлкен буын не дейді? 

Мемлекет қайраткері, академик, абайтанушы Ғарифолла Есім жастарға қандай болсын әрекет, қимыл жарасады дейді. Алайда қоғамдық орында би-билеп, ән айтып жүргендер қазақ жастары болмаса, бұл бөлек әңгіме дейді. Айтуынша, басқа ұлттардың ерекше белсенділік танытуы абай болуды қажет етеді. 

"Адамның материалдық және рухани құндылықтарға таңдамалы қатынасы деген ұғым бар. Осы принципті естен шығармау қажет. Билеуге де, әңгімелесуге де болады. Жастарда максимализм болады және оны түсіну керек, максимализмді тыюға болмайды. Уақыт өте келе ол да қалады. 

Бұл жаман нәрсе емес, бірақ адам құндылықтарға қарым-қатынасын реттеу қажет, әйтпесе, дағдарысқа түсіп кетуі әбден мүмкін. Мәдениет, этика қашан да сақталуы қажет. Жастардың еркелігі де керек, себебі олар әлі бала. Біз сияқты, кәрі кісілердей бір орында отыра беруі дұрыс емес. 

Нормадан шығып кетпесе, жұрттың мазасын алды деп айту бекер. Алайда қоғамдық орындарда белсенділік танытқан қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері болса, халық арасында негативизм тууы мүмкін. Сондықтан осы ретте абай болу қажет", - дейді ғалым.

Жазушы Смағұл Елубай әлеуметтік желі жастарға теріс тәрбие бермеу керектігін айтады.

"ТikTok-тағы жастардың жазбалары теріс тербие бермейтін болса, оны түсінуге болады. Ал енді теріс тәрбие беретін болса, біз оған қарсымыз. 
Қоғамдық орындарда жұрттың мазасын алатын түсірілімдер жасауға тыйым салу керек. Полиция қоғамдық орында көпшілік мазасын алатын әрекет жасауға тоқтау қоя алады, араласа алады", - дейді ол.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлдархан Смағұлова TikTok-ты көргісі келмейтінін айтады. Себебі өткен жазда Абай сияқты ұлы тұлғаны мазақ еткені шымбайына батқан.

"Алматы метросында түсірілген видеоны шала-шарпы көріп едім. Ұлыларды мазақ еткен әнебір көріністен соң TikTok-ты көргім келмей қалған.

Шынымды айтсам бір көріністі аяғына дейін көрмеппін. Ұнамайды. Жастарға ұнайтын болу керек. Олардың талғамына ілесу қиын. Өздері түсіндіріп көрсін”, - дейді филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы университеттің профессоры Гүлдархан Смағұлова.

64 жастағы алматылық қария Жақсылық Садуақасов заман ағымына қарай жастарға бәрі жарасатынын айтады. Алайда дәл осы TikTok желісі қоғам санасын улап жатқандай көрінеді, дейді ол.

"Немерем екі көзін телефоннан алмайды. Не екен деп сұрасам, TikTok дей беруді шығарды. Онысы, видеолардан тұратын ән мен күй, би екен. Ойды басқа жаққа аударуды, осы әлемнен алыстатуды мақсат еткен бұл желі маған ұнаған жоқ. Себебі, ол уақытты алады, назарыңды жөнсіз, мағынасыз нәрсеге аудартады. Қалай дегенмен,  АҚШ-тың бағытын ұстанып, біз де оған тоқтау салуымыз қажет сияқты", - дейді қария.

Айтуынша, бұл қоғамға зиян. Желі қолданушылары қоғам дүниетанымын ақыл-парасат деңгейіне қарастыра алмайды және бұқараның танымын қызықтырмайды. 

Әзіл-сықақ театрының әртісі Уәлібек Әбдірайымов ойына келгенін түсіріп жүргендері өте қатал түрде жазалау керек екенін айтады.

"TikTok-тан бөлек, әркім әр нәрсе түсіре беретін болған. Өздерінен өздері журналист болып кеткендер де көп. Осының бәрін тоқтату керек. Заңды түрде үкімет тоқтату керек, шара қолдану қажет. Ойына келген нәрсені істеп кетті. Әр нәрсенің өзінің шектеуі болады. Өзінен өзі журналист болып, қоғамдық пікір туғызып, әлденелерді талдаған болып жүреді. Оның бәрін заңды түрде реттеу керек. Ойға келген нәрсені істеуге болмайды. Адамды теріс жаққа тәрбиелесе соған тез бейім болады. Бұл тәрбиеге кері әсерін тигізетін дүние", - дейді ол. 

Айтуынша, мұның бәрі мәдениетсіздіктің белгісі. Мәнсіз, ойына келгенін түсіретіндерді қатал түрде жазалау керек, дейді ол.

"Үкіметке тиісіп сөз айтсаң, міндетті түрде тауып алып, кешірім сұратады. Ал енді мынадай бейберекеттік жасайтындарды таппайды. Бұл - халықтың санасын улау. Мұндай әрекеттерді өте қатаң жазалау қажет. Телефон дегеннің өзі адамдарды ойына келгенін істеп, айтуға, әкімдердің алдына телефон шығарып, бетіне қарап сөйлей беруге әкелді. Мұның бәрі - мәдениетсіздік, білімсіздік.

Балаларым, театрдағы әртістер TikTok жайлы айтып жүреді. Мен оларға қарамаңдар, неге қарайсыңдар? Сол қызық па еді? Басқа жаңалықтар тыңдаңдар деймін. Алайда мені тыңдай бермейді. Мен тоқта дегеніммен, тоқтамайды. Мұны шешетін тек үкімет, арнайы қаулы шығару қажет", - дейді ол.

 

 

Талқылау