Ұлыбританияда өкпе ісігіне қарсы вакцинаның сынағы басталды
Ұлыбританияда өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын науқасқа ауруды емдеу тәсілін түбегейлі өзгерте алатын жаңа терапия қолданылып көрді. Мұнда белгілі бір пациенттің иммундық жүйесін қатерлі ісік жасушаларын жою арқылы аурумен күресуге үйрететін жеке вакцина сыннан өткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС, Януш Рач
Вакцина жұмысының принципі АҚШ-та Covid-19 пандемиясы кезінде алғаш рет сәтті сыналған РНҚ технологиясына негізделген. Кез келген препараттың клиникалық сынақтарының бірінші кезеңі әрқашан пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігін тексереді. 67 жастағы Януш Рач жаңа вакцинаны өз еркімен сынақтан өткізуге келісті.
Жалпы алғанда, Януш Рач сияқты 130 ерікті жинау жоспарланған. Жеті елдің аумағында 30-дан астам зерттеу орталықтары бақылау жүргізеді. Олардың қатарында Лондон университетінің колледжі (UCL) де бар.
Вакцина пациенттің иммундық жүйесін нақты немен күресу керектігін анықтайтын өкпенің қатерлі ісігі жасушаларынан табылған бірнеше генетикалық маркерлер туралы ақпаратты қамтиды.
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді