ҰҚК жалған құжатпен шекарадан өтпек болған шетелдіктерді ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жалған құжатпен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 26 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, биыл қаңтар айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жалған және бөтен құжаттарды пайдаланудың 26 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде алыс және жақын шет елдердің азаматтары да бар.
"Ұсталған шетел азаматтары шекарадан өткізілмей, кейін қайтарылды", - делінген хабарламада.
Шекара қызметі жалған және басқа адамдардың құжаттарын қолдануды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты