ҰҚК шенділерде ақша бопсалаған оралдық блогерді ұстады

Фото: Чиновник Telegram-арнасынан
ҰҚК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті блогер Айболат Букеновті ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Чиновник Telegram-арнасының мәліметінше Букенов пабликтер мен арналар желісіне иелік етеді. Ол билік өкілдеріне қатысты арандату мақсатынжа материалдар жариялап, шенділерден ақша бопсалаған.
“Мәлім болғандай, аудандағы шенділердің бірінің ар-ұятына нұқсат келтіретін материал жариялаймын деп қорқытып, қомақты қаржы талап еткен. 16 маусымда күдікті ақшаны беру кезінде ұсталды. Ол кінәсін мойныдаған. “Бопсалау” бабымен іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген