Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Қарағанды облысында есірткі өндірілген заңсыз зертхананы анықтады

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

есірткі

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес 24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстаған. 

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетін болдырмады”, – делінген ақпаратта. 

есірткі

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау