Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Йемен астанасында Рамазан айында таратқан ақшаға таласқан халық бірін бірі таптап, ондаған адам қаза тапты

Йемен астанасы Сана қаласында Рамазан айына орай қайырымдылық садақаларын тарату кезінде жиналған адамдар бір-бірін таптап, кем дегенде 78 адам қаза тапты. Бұл жөнінде жергілікті билік мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Йемен давка

Қайғылы оқиға Рамазан айының соңғы күндерінде болған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жүздеген адам мектепке 5000 йемен риалын алу үшін жиналған, бұл бір адамға шаққанда шамамен 9 доллар немесе 4 мың теңге.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ондаған адамның өліміне әкелген акцияны ұйымдастырушы делінген екі жергілікті кәсіпкер ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Министрлік өкілі халықтың бірін бірі таптауына жергілікті биліктің рұқсатынсыз көмектің таратылуы себеп болғанын айтады.

"Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар бар", – деген AFP агенттігіне аты-жөнін атамауды сұраған хуситтердің қауіпсіздік қызметкері.

Сонымен қоса қалалық денсаулық сақтау қызметкерінің айтуынша, адамдардың көпшілігі жарақат алған, олардың 13-інің жағдайы ауыр.



Куәгерлердің сөзінше, хусит жауынгерлері жиналғандарды бақылауға тырысып, ауаға оқ жаудырған. Электр сымдары бұзылып, салдарынан болған жарылыс халық арасында дүрбелең тудыруы мүмкін деген де болжам айтылады. Осыдан кейін халық бір-бірін таптап қаша бастаған.

Йемен 2015 жылы хуситтер елдің батысының көп бөлігін, соның ішінде астананы бақылауға алған кезде қақтығыс өршіп кеткендіктен, қиын күндерді бастан кешіруде. 23 миллионнан астам адам, яғни халықтың төрттен үші көмекке зәру.

Йеменнің ресми үкіметі қазір Аден қаласында, ал президент Абдраббу Мансу Хади Сауд Арабиясында.

Хусилердің Жоғарғы революциялық комитетінің басшысы Мұхамед Әли әл-Хути халықты бірін бірі таптауын Йемен халқының сегіз жылдық шайқастан кейін "ең нашар жаһандық гуманитарлық дағдарысты" бастан өткеруінің нәтижесі деп сипаттады.

"Біз болған оқиға үшін агрессор елдерді жауапты деп санаймыз", –  деп жазған ол Twitter парақшасында.

Талқылау