ҰБТ-да телефон пайдаланған талапкерді денесімен жауып тұрған кезекшінің әрекеті әшкере болды (видео)
ҰБТ-да кезекші әйел көшіріп жатқан талапкерді «денесімен жауып таұрды». ҰБТ кезекшісі талапкерге көмектесіп жатқан жерінен ұсталды.

Кезекшінің әрекетін әшкере еткен видеоны Facebook-тегі парақшасында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бақылауды қамтамасыз етуге шақырылған қызметшінің өзі қылмыстық схемаға қатысқан. Анықтама кітапшасын суретке түсіріп жатқан жігітті денесімен жауып тұрғанын қараңыз», - деп жазды Смағұлов.
Сондай-ақ, ол ҰБТ-дағы бейнежазбаларды қарау нәтижелері бойынша 158 тестілеушінің нәтижелері жойылған. Олардың 97-і грантқа ие болған (максималды балл 138). Оның айтуынша, ҰБТ-ны адал тапсырған, бірақ грант ала алмаған 97 адам 2 апта ішінде енгізіледі.
"Кәнсіл": Қазақстандықтар 2025-тің жыл сөзін таңдады
Stan.kz жүргізген сауалнамаға жазылған пікірде 2025 жылы болған атышулы оқиғалар мен танылған есімдер де бар
"2050 жылы 73-ақ мың теңге": Қазақстанда болашақта зейнетақы неліктен орташа көрсеткіштен екі есе төмен болмақ
Барлық жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелген дейді қаржы сарапшысы