World Boxing Кубогы: Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда жеңіліп қалды
Фото ҚБФ
Бокстан Астанадағы Әлем кубогында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымнан аса алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елордада World Boxing ұйымдастыруымен басталған Әлем кубогының алғашқы күнінде 70 келі салмақта рингке шыққан Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда Қырғызстан спортшысы Алмаз Оразбековқа қарсы жекпе-жек өткізді.
Қазақстандық спортшы алғашқы екі раундтың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен еді. Алайда үшінші раундта Жүсіповтың қабағы жарылып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімінен кейін келесі кезеңге қырғыз спортшысы Оразбеков өтті.
Бұған дейін, Қазақстан қыздар құрамасы сапында қос боксшы алағашқы айналымнан сүрінбей өткенін хабарлаған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
