WhatsApp-та енді чаттарға құпиясөз орнатуға болады
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады. Соның көмегімен кейбір чатты жауып, құпиясөз орнатуға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жеке хат-хабарлардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік береді.
"Бұл – жеке хат-хабарларыңызды қорғауға болатын тағы бір қауіпсіздік шарасы. Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек бумаға жылжытылады. Оны ашу үшін құпия сөзін енгізіп немесе саусақ ізі сияқты биометриялық деректерді сканерлеу қажет. Жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде жасырылады", – делінген хабарламада.
Чатты жабу үшін жеке хат алмасудағы адамның немесе топтың атын басып, сәйкес опцияны таңдау қажет.
"Келесі айларда жаңа мүмкіндіктер қосамыз, телефон паролінің орнына бірегей жабық құпия сөзін жасау да қосылмақ", – деп қосты WhatsApp блогы.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"