Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда істемейтін болады

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап WhatsApp мессенджері операциялық жүйесі ескірген смартфондарда істемейтін болады. Бұл туралы қосымшаны дайындаушылардың  блогында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда істемейтін болады

Мұндай өзгеріс Android және iOS платформалары арқылы жұмыс істейтін құрылғыларға қатысты. Жекелей алғанда, Android 2.3.x (Gingerbread) нұсқасында және 2014 жылғы iOS 8 нұсқасында мессенджер істемейтін болады. 

Аталған операциялық жүйелерге ие құрылғыларда WhatsApp мессенджерін одан әрі пайдалана беру үшін, бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына жаңартқан жөн. Ал ол мүмкін болмаған жағдайда, жаңа телефон сатып алу қажет. 

Android 2.3.x және iOS 8 нұсқаларында жұмыс істейтін смартфондарда жаңа аккаунт ашу немесе бұған дейінгі тіркеулік жазбаны анықтау мүмкін болмайды. 

Сонымен қатар қосымшаны дайындаушылар 2019 жылдың 31 желтоқсанында Windows Phone смарфтондарындағы барлық нұсқаны қолдау тоқтатылатынын айтты. 

WhatsApp — әлемдегі хабарлама алмасуға арналған ең танымал қосымша. 2018 жылдың ақпан айындағы мәліметке сәйкес, мессенджерді бір жарым миллиардтан аса адам қолданады. 

Талқылау