WhatsApp коронавирусқа байланысты маңызды функцияны іске қосты
WhatsApp топтық дыбыстық және бейне қоңырауларға қатыса алатын қолданушылар санын екі есеге арттырды. Бұл туралы мессенджердің блогында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушыларды қосу процесі бұрынғыдай: жаңа топтық қоңырау құру үшін батырманы басып, форматты (аудио немесе видео) таңдап, қажетті пайдаланушыларды қосу керек.
Әзірлеушілер топтық әңгімелесуге қатысушылардың санын ұлғайту себебін коронавирус індетімен байланысты екенін мәлімдеді. Адамдар әріптестерінен, достарынан және жақындарынан алыс қалды. Осыған байланысты олар WhatsApp-та аудио және бейне қоңырау шалуды бұрынғыдан да жиі пайдалана бастаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған