WhatsApp қолданушылары енді жаңа шарттармен келіспесе, хат алмаса алмайды
WhatsApp мессенджерінің қолданушылары 15 мамырға дейін жеке деректерді сақтаудың жаңа шарттарымен келіспейінше желіні пайдалана алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа шарттармен келіспегендердің аккаунттары "істен шығарылған" болып есептеледі. Өз кезегінде мұндай нөмірлер мессенджерлерден 120 күннен кейін өшіріледі.
Айта кетейік, бұл туралы WhatsApp құрастырушылары қаңтарда жариялаған еді. Бұл жаңалық желі пайдаланушыларының сынына қалды. Жеке деректерге қол жеткізу - тұрғындардың өмірлеріне қол сұғу деген мессенджерді қолданушылар WhatsApp барлық ақпаратты Facebook-пен бөліседі деген қауіптерін жеткізген.
Дегенмен WhatsApp бұл жаңартудың негізігі мақсаты - қосымшаға төлем жүргізу қызметін енгізу деп ақталуда.
Павлодар облысында ер адам WhatsApp-та порнография таратқаны үшін сотталды
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған