Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны Владимир Путиннің өзі салдыра ма?

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыруға асықпай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

путин

Бұл ретте препаратты шығаратын компания жақында салынғанын атап өткен жөн. Алғашқы вакциналарды "Ростех" басшысы Сергей Чемезов және бірқатар ресейлік шенеуніктер алған.

Әзірге препаратты Мәскеудегі үш орталықта шығарылып жатыр. Вакцинаны 40 мың ерікті алады. 

Еске салайық, 11 тамызда Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинаны тіркеу туралы жариялады. Бұл туралы ел президенті Владимир Путин мәлімдеді. Ол Мәскеудің Гамалея институты әзірлеген вакцина толығымен қауіпсіз екенін және оны қыздарының бірі қабылдағанын айтты.

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы Қазақстанға ресейлік "Спутник V"вакцинасын жеткізу туралы келісті. Қазақстанға жеткізу үшін вакцина партиясын Ресейдің тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктестерінің бірі өндіретін болады.

Бұған дейін Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Қазақстанға COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын жеткізу жоспарланғанын хабарлады. Болашақта вакцинаны жеткізу көлемі 5 миллион дозаға дейін артуы мүмкін.

Талқылау