Вирусолог COVID-19-дың суперштамы пайда болуы мүмкін екенін болжады
Мәскеу физико-техникалық институты геномды инженерия зертханасының басшысы, вирусолог Павел Волчков COVID-19-дың суперштамы пайда болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, коронавирустың жаңа штамы Қытай немесе Оңтүстік Азияда шығуы ықтимал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Қытайда коронавирусты қайта жұқтырмаған 1,5 миллиардқа жуық адам бар. Мұндай мемлекет жаңа штам түзілетін орынға айналуы мүмкін. Қайта ауру жұқтырмаған жандар вирус үшін үлкен қор, таралуы үшін қолайлы орта болады", – деп мәлімдеді Волчков.
Вирусологтың сөзінше, өзге елдерде қор базасы болмағандықтан коронавирустың жаңа штамының пайда болуы қиынға түседі.
"Суперштамның пайда болуы ықтималдығы аз. Егер бұл орын алса, вирусты қайта жұқтырмаған адамдар саны көп елде орын алады", – деді вирусолог.
"Өлтіруге болады дегенге балалардың еті үйреніп кетпеуі керек": Зообелсенділер бұралқы иттерді өлтіру туралы заңға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"