Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жас айырмашылығымыз – 25 жас": Жазира Байырбекова ұзатқан қыз өзіне қатысты қауесетке жауап берді

Әнші Жазира Байырбекова ұзатқан қыздың тойы ел талқысына түсті. Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, тойдан үзінді салған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұзатудың видеосын көрген жұрт қалыңдықтың көйлегін сынады. 

“Бүгінгі ұзатылып жатқан қызымыз – Керім-Сұлу” деп жазды әнші видеоның астына.

Желі қолданушылары бірден негатив пікір жаудырды. “Қыздың өзі ұзатылып жатқанын біле ме екен?!”, “Омырауын жапқанда керемет бола еді”, “Әкесі мен ағасы бар ма?!”, “Қазақ қызына ұқсамайды”, “Жазира, мұндай ашық-шашық киінген қыздарды ұзатпауың керек еді” деген пікір көп. 

Осы орайда видеоға қатысты қыздың өзі жауап берді. Ол халықтан қарша бораған жағымсыз пікірді тоқтатуды сұрады. 

“Ұзату тойым қоғам талқысына түседі деп ойламадым. Жұрт ойлағандай эскортница емеспін, ішпеймін, шекпеймін. Бұрын тұрмыста болмағанмын. Ешқашан жаман тірлік жасамағанмын. Мұның бәрін мені мақтасын деп емес, мен туралы қауесетті таратпасын деп айтып отырмын. Құдайға шүкір, толыққанды отбасынан шыққанмын. Көзім ашық, көкірегім ояу, тәрбие көргенмін. Қазақпын, қазақша сөйлеймін. Тойымда Жазира Байырбекованың ұзатқанын өзім қаладым. Ұлттық киімді ұзату тойымда кигім келмеді, шынымды айтайын. Сәукеле киер едім, тек келбетіме жараспады, содан кимедім. Көйлегіме күйеуім де, әкем де рұқсатын берді”, – деп ақталды бойжеткен. 

“Тойдағы ең әсерлі сәт – әкеммен вальс болды. Папам жылаған кезде жүрегім езілді, өзімді әрең ұстадым. Видеода әкем "қызымның омырауы бар екен, көрініп тұр екен" деп жылап жатқан жоқ. "Қызым бойжетіп, үйден кетейін деп жатыр" деп қимастықтан көңілі босап, жылап жатыр. Осы жұрт неге біреудің қуанышына ортақтаса алмайды?! Мен не киіп шықтым, кімге күйеуге тидім, сіздерге оның қатысы қанша? Мені сынамас бұрын өздеріңе қарап алыңдар”, – деп жазды қалыңдық. 

Сондай-ақ Керім-Сұлу жеке басына тиісіп, негатив пікір жазғандарды сотқа беретінін де айтты.

“Фейк аккаунтпен жаман сөз жазып жатқандардың аттарын сақтап алдым. Оларды тауып, сөйлесу керек болып тұр. Ауыздарына келгенін айтып, күйеуім екеумізді ештеңе істей алмайды деп ойласа керек. Сіздерді заңмен-ақ қудалауға болады”, – деп ескертті Керім-Сұлу. 

Қалыңдық өзінің жеке парақшасында күйеуінен 25 жасқа кіші екенін, оның бірінші некесінен бір қызы барын да жасырмады. 
 

Талқылау