Видео түсірмек болған: Астанада тиктокерлер супермаркетке түнде кіріп, тамақтарын жеген (видео)
Астанада төрт жігіт "Анвар" гипермаркетіне түнде жасырынып кіріп, жабылғаннан кейін TikTok-та бейнеконтент түсіріп, тамақтарын жеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Полицияның хабарлауынша, тиктокерлер іште қалып, мәдениетке сай келмейтін әрекеттер жасаған.
Жігіттер сусындар мен тамақтарын ішіп, арбаларға мініп, сөрелерді ақтарған. Ал қазір құқық бұзушыларды жеке күзет фирмасының ГБР қызметкерлері ұстап алып, мән-жайларды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешім қабылдағанға дейін уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"