Вице-министр денсаулық сақтау министрлігінде коронавирус инфекциясы кең тарағанын айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният департамент қызметкерлері арасында коронавирустың кең тарағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Сондықтан біз қазір ақпараттарды таратудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Министрліктің өзінде осы төрт ай ішінде 2-3 рет коронавирус ауруы болды. Сондықтан біздің көптеген мамандар, әсіресе баспасөз қызметінің қызметкерлері ауырып, жұмыс істей алмады. Ақпаратты азаматтарға дұрыс жеткізу үшін аптасына бірнеше рет министрлік қызметкерлері мен министрдің өзі азаматтардың сұрақтарына жауап береді", - деді Ажар Ғиният ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.
21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 73 468 жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жариялаған соңғы ақпаратқа сәйкес, 610 адам қайтыс болды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ