Венеция кинофестивалінде атышулы "Борат" фильмінің сценарисі "Алтын арыстан" марапатын алды
Венеция кинофестивалінде америкалық режиссер Тодд Филлипстің «Джокер» кинокомиксі «Алтын арыстанды» жеңіп алды.

Осы жылдың қазан айында бүкіл әлем бойынша жарық көретін фильмнің алғашқы көрермендері фильмге риза болып, оны ұзақ талқылады.
Филлипстің айтуынша, ол Финикспен бірге Джокердің бейнесінде ұзақ және көп жұмыс жасаған. Олар алты ай бойы оның келбетін, мінез-құлқы мен күлкісін талқылады.
Ресейлік кино сыншысы Егор Беликов Джокердің жеңісін тарихи деп атады, бұған дейін кино комикстерінің бірде-біреуі мұндай жоғары марапатқа ие болмағанын атап өтті.
Фильмнің режиссері Тодд Филлипс сонымен қатар қазақстандықтардың наразылығын туғызған «Борат» комедиясының сценаристерінің бірі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"