Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венеция қаласына кіру туристер үшін ақылы болмақ

Венеция қаласына кіру туристер үшін енді ақылы болмақ. Жаңа ереже бүгін күшіне енді. Билет құны 5 еуро, яғни 2 жарым теңгеге жуық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tripmydream.com

Бұл талапты орындамаған адамдар 50 еуродан 300 еуроға дейін айыппұл төлейді. Бірақ жаңашылдыққа тұрғындар қарсы шықты. Айтуларынша, бұл қала имиджіне кері әсерін тигізеді.

Дегенмен Венеция мэрінің пікірі басқа. Ол ақша қаланың дамуына жұмсалатынын жеткізді. Бір күннің ішінде қазынаға 27 500 еуро түскен екен. Бұл – 13 миллион теңге.

Алайда қалада түнейтін туристер, 14 жасқа дейінгі балалар, қала тұрғындары мен жергілікті студенттерге бұрынғыдай шаһарға кіру тегін.

Осылайша Венеция әлем бойынша туристерді ақылы түрде кіргізетін алғашқы қала атанды. 

Айта кетейік, америкалық Berkshire Hathaway сақтандыру компаниясы саяхаттауға ең қауіпсіз елдер мен баруға кеңес берілмейтін қауіпті мемлекеттердің тізімін жариялады. Олардың қатарында Париж, Дубай мен Венеция да бар.

Сондай-ақ сарапшылар экологиялық себептерге байланысты Венецияға да келуге кеңес бермейді. Қала су тасқынынан сақтану үшін саяхатшылар ағынын шектегісі келеді. Сол үшін осы көктемде қала орталығына кіру үшін 5 еуро қаражат төлеу енгізілген.

Талқылау