Велосипеді шашылып қалған: Алматыда адам қағып өлтірген мотоцикл жүргізушісі іздестірілуде
Алматыда мотоцикл жүргізушісі велосипедшіні қатты жылдамдықпен соғып, жантүршігерлік жол апаты орын алды. Шашылып қалған велосипедтің иесі оқиға орында тіл тартпастан кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Велосипедтегі ер адам соққыдан асфальтқа құлады. Мотоциклші бірнеше ондаған метр жүріп өтіп, жол жиегіне тоқтады. Қатты соққыдан велосипед бөлшектерге бөлініп қалды. Жүргізуші мемлекеттік нөмірді мотоциклден алып, жаяу қашып кетті", – деді оқиға куәгері.
1975 жылы туған велосипедші ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Полиция қызметкерлері апат болған жерде жұмыс істеп жатыр. Мотоцикл жүргізушісін іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы