Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Алматы соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты. Олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласы сотының 2022 жыл 18 маусымдағы қаулысына сәйкес күдіктілерге қатысты қамауда ұстау мерзімін 2 айға дейін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 20 сәуірде қамауға алынған.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"