AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mudarabah Capital ісі: Бас прокурор полицияның "былығы" туралы мәлімдеді

Mudarabah Capital ісі бойынша былықтың болуы салымшылардың бірінің Нұр-Сұлтандағы ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберуіне әкелді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асылов оң динамикаға қарамастан, жүргізілген талдау ІІМ жұмысын ұйымдастырудағы олқылықтарға және сотқа дейінгі тергеу сапасының төмендігіне назар аударғанын атап өтті.

"Мысалы, Mudarabah Sapital ісі бойынша былықтың көптігі және келтірілген залалдың дұрыс өтелмеуі жәбірленушілердің бірі Досмаилованың ІІМ ғимараты өзін-өзі өртеп жіберу әрекетіне алып келді", - деп мәлімдеді бас прокурор Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Ол бұған дейін бұл іс бойынша Алматы полиция департаментінің атына қадағалау актілері енгізілгенін атап өтті.

"Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп түйіндеді Берік Асылов.



Еске салайық, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржылық пирамидаға қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпанда Саидбаевқа Алматы полициясы іздеу жариялағаны белгілі болды. 

Сәуірдің 11 күні Нұр-Сұлтанда Алматы тұрғыны Бағила Досмаилова осы іс бойынша тергеудің жүріп жатқанына наразы болып, өзін-өзі өртеп жіберді. Абырой болғанда әйел аман қалды. Ол өз-өзіне қол жұмсамай тұрып жазған хатында өзінің өліміне Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың кінәлі екенін айтқан. Бұл оқиғаға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 сәуірге қараған түні Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарамас бұрын Төребаев видео хабарлама жасап, онда ол өзінің құрбан болғанын және қаржы пирамидасының қызметінен пайда таппағанын айтқан. Алайда 13 сәуірде Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев "Төребаев құрылтайшы болмай тұрып-ақ компаниядан тұрақты төлемдер алып отырған" деген мәлімдеме жасады.

Сонымен бірге, дәл сол бейне үндеуде Төребаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudaraba Capital қаржы пирамидасы туралы 2020 жылы ескерткенін қосып өткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр