Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ватиканда Рим папасы Францискпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр – Трамп пен Зеленский қысқаша кездесу өткізді

Фото: topnews.ru

26 сәуір күні Ватиканда Рим папасы Францискпен қоштасу рәсімі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қасиетті Петр базиликасының алдындағы алаңда өтіп жатқан қаралы месса аяқталған соң, Франциск өсиет еткендей, оның денесі жерлеу үшін Римдегі Санта-Мария-Маджоре базиликасына жеткізіледі.

Рәсімге АҚШ, Франция, Украина, Бразилия және Аргентина президенттері бастаған 100-ден астам елдің өкілдері қатысатынын растады.

Басылымдардың бірі Дональд Трамп Ватиканға Рим папасы Францискпен қоштасу рәсіміне жұбайы Меланиямен бірге келді деп жазады. Бұл Трамптың АҚШ президенті болып сайланғаннан кейінгі Еуропаға жасаған алғашқы сапары.

Рәсім барысында Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді. Кездесу бірнеше минут қана созылып, кейін екі саясаткер де собор алдындағы алаңға шығып, қалған қатысушылармен бірге болды деп жазады басылым. Ақ үй бұл әңгімені "өте нәтижелі" деп бағалап, кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.


Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілді


Қырымды мойындау: АҚШ Киевке келісім бойынша жаңа ұсыныс жасады

Еске салайық, бұған дейін 21 сәуірде Рим Папасы Франциск өмірден өткенін жаздық. Рим Папасы Франциск Ватикандағы Casa Santa Marta (Әулие Марта үйі) резиденциясында 88 жасында қайтыс болды. Ақпан айының ортасында ол бронхитті емдеу үшін Римдегі Гемелли ауруханасына жатқызылды. Тексеріс нәтижесінде екіжақты пневмонияны көрсеткен. Рим Папасы бес апта бойы ауруханада жатып, төрт рет тыныс алудан қиналып, екі рет өмір мен өлім арасында болды.

Айым Атамбаева
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 15:10
Талқылау