Валюта бағамы: 22 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Қазақстанның Ұлттық банкі 22 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, яғни сейсенбі күні доллар бағамы бірден 4 теңгеге көтеріліп, 463,55 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 459,04 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,64 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 463,55 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 473,93 (еуро)
RUB / KZT – 7,64 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 24,89 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 64,68 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,49 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,1 (өзбек сомы).
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
