Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан түзілетін антидене қауқарсыз: Үндістанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинадан және ауырғаннан кейін қалыптасатын антиденелердің коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы қауқарсыз екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ДДСҰ мәліметінше, Үндістанда вирустың жаңа штаммы анықталған. 

"E484Q және L452R мутациялары 2020 жылы 1 желтоқсанда жинақталған сынамалардан табылды. Жаңа түрленген вирустарды зерттеу әлі жалғасуда", - деді ұйым өкілдері. 

Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, L452R мутациясы коронавирусты антиденелермен емдеу үрдісіне кері ықпал етуі мүмкін. Ал E484Q штаммы антиденелердің ыдырауын әкеледі екен. Бұл дегеніміз COVID-19-бен ауырғандардың бойында қалыптасқан антиденелер вирустың жаңа штаммына төтеп бере алмайды деген сөз. 

Бұған қоса, жаңа вирус түрлерінің өлім деңгейін жоғарылататын қабілетке ие екені анықталған. Ғалымдар жаңа штаммның қайдан пайда болғанын білмей отыр. Болжам бойынша, жаңа вирус түрінің шығуына халық жаппай жиналатын іс-шаралар мен Үндістандағы шектеу шараларының жеңілдеуі ықпал етуі мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін Үндістанда коронавирустың өршіп кеткені айтылған еді. 

Талқылау