Неліктен қазақстандықтар екпе алмаса да вакцинация туралы SMS хабарлама алуда: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өтпесе де, сәтті өткені туралы SMS құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Ал денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев болып жатқан жағдайдың үш ықтимал себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Egov.kz
Есенбаевтың айтуынша, басты себептің бірі медициналық қызметкердің ақпараттық жүйеге басқа науқастың деректерін қате енгізуінен болуы мүмкін.
"Екінші нұсқа - бұл медициналық ұйымдардың толықтырулары деп аталатын ақпаратты әдейі енгізген кезде. Үшінші нұсқа – азаматтардың ұялы байланыс нөмірлерін деректер базасына енгізу кезінде қате кеткен болуы мүмкін", - деді вице-министр.
Есенбаевтың айтуынша, егер азамат та, оның балалары да екпе алмаған болса, бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлау керек.
"Екінші нұсқа - eDensaulyq бөліміндегі eGovmobile мобильді қосымшасындағы ақпаратты түзетуге өтініш беру. Бұл электронды қосымша да Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі және қажетті шаралар қабылданады", - деді Есенбаев.
Егер қазақстандықтар eDensaulyq бөлімінде, керісінше, вакцинация фактілері туралы деректер жоқ екенін анықтаса, олар тіркелген жеріндегі емханаға хабарласуы керек.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
