Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинация жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әдісі болып табылады - Людмила Бюрабекова

Вице-министр Людмила Бюрабекова вакцинаның қаншалықты маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр екпе салдыру туралы мәселе бірнеше рет көтерілгенін, алайда халық әлі де болса бұл сұраққа жауап ала алмай жатқандығын айтты. Міндетті вакцинация төңірегінде сөз қозғаған ол халықты жетерінше ақпараттандырамыз деп отыр. 

"Соңғы уақытта вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Сонымен қатар біз министрлік сайтында бірнеше рет вакцинацияның маңыздылығын түсіндіретін онлайн-кездесулер өткіздік, оларға сарапшылар, парламент депутаттары, дәрігерлер және танымал журналистер қатысты. Бүгінгі кездесу де нәтижелі болады деп үміттенемін, және біз ата-аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап бере аламыз", - деді Людмила Бюрабекова Қазақстанда міндетті вакцинацияны енгізу мәселелерін талқылауға арналған онлайн конференция барысында. 

Вакцинаның аурудан қорғанудың ең тиімді жолы екенін айтты вице-министр. Оның сөзінше ол жыл сайын 3 млн адамның өмірін сақтап қалады. 

"Вакцинация - жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді әдісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша вакцинация жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірін қорғайды", - деп толықтырды Людмила Бюрабекова.

Талқылау