Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жарияланды
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысында Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыда Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.
"Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", – деп жазылған құжатта.
Құжаттың мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.
Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан