Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленуге уәде берген: Қыз сөзінде тұрмаған сүйіктісінің көлігін өртеп жіберген

Өзбекстанда 19 жастағы қыз сүйіктісінің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзбекстандағы Учтепа аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 19 жастағы Ситора Г. есімді азаматша  11-ші кварталда Lacetti Jentra көлігін өртегені туралы хабарлама түскен.

Белгілі болғандай, ол көлік оның 23 жастағы жас жігіті Н. Асилбекке тиесілі болған. Жұп бұрыннан романтикалық қарым-қатынаста болған. Жігіт сүйіктісіне үйленуге уәде берген, бірақ сөзінде тұрмаған. 

"Ер адам оған болашақта үйленемін деп уәде берген, бірақ ол сөзінде тұрмады. Осыған байланысты қыз жас жігіттің көлігіне іші мен сыртына бензин құйып, содан кейін көлікті өртеп жіберген", - деді полиция бөлімінде.

Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр.

Талқылау