Үйіне алып барған: Қатты қайғырған ұлы анасының мәйітін қабірден қазып алған
Индонезияның Проболинго қаласында анасының өлімінен кейін қатты қайғырған ұлы оның мәйітін қабірден қазып алып, үйіне алып кеткен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Jakarta Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайтыс болған Сумарто есімді әйелдің ұлы Насыр психикалық аурудан зардап шегеді. Ер адам анасының өлімінен кейін қатты қайғырып, 40 күн өткен соң марқұмның мәйітін қабірден қазып алуды ұйғарыпты.
«Ол анасының мәйітін үйіне алып барған. Бұл әрекетін жасыру үшін, мәйітті қапқа салып қойыпты», - дейді жергілікті тұрғын Әмір.
Әмірдің сөзінше, Сумарто жерленген зират орман түкпірінде орналасқан. Ол жаққа адам аз барады, дейді ол.
Өздерінен басқа адамдар барын білмеген: Жертөледе 9 жыл тұрған отбасы табылды >>>
Осылайша, Насыр анасының мәйітін үйінде сақтаған. Алайда бұл туралы туысы біліп қойып, мәйітті қайта жерлеуін сұрапты. Артынша Насыр мәйітті қабірге алып барып, жерледі.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген