Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіме емес, балалар үйіне барғым келеді": ШҚО-да далада қараусыз қалған екі бала табылды

Шығыс Қазақстан облысында далада қалған екі бала табылды. Жедел жәрдем қызметкерлері әбден тоңып, қарындары ашқан балақайларды қала шетіндегі көшелердің бірінен облыстық ана мен бала орталығына жеткізген. Ақхалаттылар бүлдіршіндердің мүлде ата-ана қамқорлығын көрмей, жүдеп кеткенін айтып отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көшеден табылған кішкентай қыздың аты-жөні белгісіз. Дәрігерлер 1 жас 3 ай шамасында деп болжайды. Жуындырып, киіндіріп, ас-су бере бастаған соң айналасына енді ғана үйрене бастағандай, бірақ қарым-қатынас жасаудан қорқады. 

"Балаларға мүлде қарамаған. Киімдері көптен бері жуылмаған. Денелерін жағым иіс басып кетіпті. Үлкені келе сала нан сұрап жеді. Кішкентай қыз да келе сала тамақ ішті. Ал, өзін Данил деп таныстырған жігіт 9 жаста екен. Ауырады. Дұрыс сөйлей алмайды. Әкесінің қайда екенін білмейді. Анасының спиртті ішімдікті көп ішетінін айтып отыр.

"Ол жерде тұрғым келмейді. Анаммен бірге тұратын  Ваня ағай қарындасым екеумізге күн көрсетпейді. Мен балалар үйіне барғым келеді", - деді ол.

Қыздың маңдайын, ұлдың мойнына темекінің ыстық шоғы басылған. 

"Біз балаларды бақылауға алып, ата-анасын ата-ана құқығынан айыруға мәжбүрміз. Кішкентайларды мамандандырылған балалар үйіне өткізуіміз қажет", - деді ШҚО Денсаулық сақтау саласы бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы Татьяна Чернышева. 

Мүгедектігінінен айырылғанда анасы баласынан бас тартып, кейін балалар үйі қайта рәсімдегенде жәрдемақысы үшін анасы алып кеткен екен. Енді балалар құқығы үшін күресуші мамандар енді анасына екі баласын да бермеуге бел шешті. Тіпті тәртіп сақшылары балалардың ата-анасын іздеуде. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

Жігіт әйелімен ұрысып қалған

Полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапты

Ер адам отбасын пышақпен қорқытқан

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген
Çàãðóçêà...