"Үйге баруға қорыққан": Ақтөбеде мектепте электронды темекімен ұсталып қалған 6-сынып оқушылары жоғалып кетті
Ақтөбеде мектепте электронды темекімен ұсталып қалған 6-сынып оқушылары ата-анасынан қорқып, үйіне бармай қойған. Кейін алаңдаған жақындары балаларға іздеу салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ИА "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап.

Мектепте мұғалімдер ұлдардан электронды темекі тауып алған. Осыдан кейін балалар ата-анасының қаһарынан қорқып, оқудан үйге қайтуға жүрексінген.
"3 сәуір күні сағат 21:40-та Ақтөбе полициясына екі алтыншы сынып оқушысының ата-анасы хабарласты. Айтуларынша, балалар сабақтан кейін үйлеріне оралмаған. Мұғалімдер балалардың мектепке электронды темекі әкелгенін және жазадан қорқып, бармай қалуы мүмкін екені анықталды", – деп хабарлады ІІМ.
Іздеу топтары "Зелло-Поиск" командасының еріктілерімен бірге жоғалған балаларды іздеуге кірісті. Олардың болуы мүмкін барлық орындар тексерілді.
5 сағаттан кейін балаларды ювеналды полиция қызметкерлері орталық базар маңынан тауып, ата-аналарына тапсырды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"