"Үйдің тірлігіне пысық емес": Заңғар Нұртас келіншегінің кемшілігін бетіне басты
Желіде Заңғар Нұртастың еден жуып жүрген видеосы тарады. Жуырда отбасын құрған сері үй тірлігіне келгенде келіншегіне көмектескенін еш айып көрмейді. Есесіне Instagram оқырмандары Айдарбековтердің кенже келіні "пысық емес" деген байламға келді. Мұнымен Заңғардың өзі де келісіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Instagram/zangaar
Заңғардың айтуынша, келіншегі тұрмыс құрғанға дейінгі бар уақытын білімге арнаған. Қытайда оқып келген Жібек бірнеше тілді еркін меңгерген. Ал үй шаруасына келгенде осалдық танытуда.
Скриншот: Instagram/zhibekkairatkyzy
"Жібектің анасы – мұғалім, әкесі – еліміздегі ең беделді профессор агроном. Мүмкін, сондықтан Жібек үйдің тірлігіне қатты пысық емес шығар, бірақ қатты тырысады. Әке-шешеміздің разылығын алып жүр. Құдайға шүкір.
- "Кеш болады, өкініп қаласың, деді": Заңғар Нұртас отбасын құруға ағасы Қайраттың итермелегенін айтты
Негізінде келіншегім алтын белгі, ағылшын, қытай тілдерін жоғары деңгейде меңгерген, күнде кітап оқымай ұйықтамайды, өзін әркез дамытып жүреді. Осы қыздың арқасында мен де өсіп жатырмын. Себебі 9 жыл бойы маған қолдау, жақсы кеңес беріп келеді", – дейді Заңғар Нұртас.
Скриншот: Instagram/zangaar