Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үй шаруасындағы әйел": Қайрат Түнтеков алғаш рет әйелі туралы сыр шертті

Танымал әнші, халықаралық байқаулардың жүлдегері Қайрат Түнтеков алғаш рет жұбайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kairat_tuntekov_official/

Өнер иесі шығаршалыққа бет бұрып, әндер жазып жатыр. 

“Жарым мен қызым – өнердегі алғашқы қолдаушыларым. Әйелім ауылдың қызы. Өнерге қатысы жоқ. Ештеңемен айналыспайды. Үй шаруасындағы әйел. Кішкентай қызыма қарап отыр. Менің әндерімнің алғашқы тыңдарманы. Бірінші сол кісі мен ата-анам тыңдайды. Біз ата-анамыздан бөлек тұрамыз. Өйткені кезінде Алматыда бөлек тұрып, үйреніп қалдым. Еркіндікті ұнатамын. Ол кісілер де біледі. "Бізге кеп тұрсаң болды" дейді. Әке-шешем жасы кеп қалған, қарт адамдар. Менің өнерім қызыма дарыған. Ән десе ішкен асын жерге қояды. Болашақта өнер адамы болады-ау деп ойлаймын. Бірақ сахнада жүргенін қаламаймын", – дейді өнер иесі.



Сонымен қатар әнші шығармашылығындағы соңғы жаңалығын бөлісіп, Алматы мен Астанада концерт бергісі келетінін де жасырмады.

“Бұрынғы “NN bek” тобының әншісі Мәди Айжанов деген жігітпен жұмыс істеп жатырмын. Болашақта қос қаламызда жеке концертімді бергім келеді. Тыңдарман қауым мені ұмыта қойған жоқ деп ойлаймын. Шығармашылық тоқырауға ұшырап, үлкен сахнаға шықпай кеттім. Бір ән шығару үшін бір жыл дайындалуым мүмкін. Ұзақ уақыт әнді зерттеп, бір-ақ сәтте жарқ еткізгім келеді. Бірақ жаңа әндерімнің ешқайсысы тойға арналмаған. Тойға шығатыным рас. Үлкен сахнадан көрінбей кеткенде, тойға шығып табыс таптым. Тойда ән айтамын. Тойда ән айтпайтын өнер адамдары жоқ шығар?! Бәрі тойда жүр. Басты табысымыз той екені жасырын емес”, – дейді әнші. 

Еске салайық, әнші өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берген еді. 

Талқылау