Утилизациялық алымның жаңа тарифтері қай кезде бекітіледі: Министр жауап берді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алым арнайы бұйрықпен бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есеп-қисапты әзірлеп жатыр. Дайын болғасын бізге жібереді. Соның негізінде тиісті бұйрықты бекітеміз", – деді экология министрі.
Осы орайда Брекешев есеп-қисап не үшін керек екенін түсіндірді.
"РОП-тың (қазіргі "Жасыл даму" АҚ) жыл сайын бекітетін инвестициялық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаны бекіту үшін бізге нақты есеп-қисап керек. Утилизациялық алымды қысқартқаннан кейін қанша ақша түседі? Соның бәрі жазылуы қажет. Біз есеп-қисапты алғаннан кейін шамамен 10 күннің ішінде арнайы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп алуымыз қажет. Осы жұмыстың нәтижесінде бұйрықты бекітеміз", – деп атап өтті Брекешев.
Айта кетcек, үкімет утилизациялық алымды екі есеге қысқартуға шешім қабылданған болатын.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
